Қазақстанда қантты ел аумағынан экспорттауға тыйым салынды. Тиісті құжатқа Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев қол қойды. Тыйым алты ай бойы қолданылады. Санкция ақ қант пен құрақ шикі қантына да қатысты. Айта кету керек, бұған дейін республиканың Сауда және интеграция министрлігі қант бағасының тұрақты деңгейін ұстап тұру үшін атқарушы органдар тарапынан барлық мүмкін шаралар қабылданатынын атап өткен болатын. Сонымен қатар, ведомство Қазақстанда қант тапшылығының жоқ екенін хабарлады. Ал елде бар қорлар үнемі толықтырылып отырады.