Уран өндірушілер кірістерінің бір бөлігін аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағыттайды

Қазақстанда уран өндіруші компаниялар өз кірістерінің бір бөлігін кен орны орналасқан аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағыттауға міндеттеледі. Бұл шара егер алдын ала барлаудан кейін бастапқы көлемнен отыз және одан да көп қор өсімі анықталса қолданылатын болады. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексіне уран өндіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Сенатта қаралды.

Белгілі болғанындай, уран өндірушілер енді өз жұмысының салдарын жою жоспарларын алдын ала қарастыруға міндетті. Аталған құжатта уран өндіру және оның қорын геологиялық барлауды реттеуші тағы бірқатар нормалар бар.

ИРИНА УНЖАКОВА, ҚР МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ:

 - Мәліметтерді, соның ішінде, уран қоры бойынша ақпаратты жаңарту қажет. Заң жобасымен енгізілетін толықтырулар, біріншіден, уран өндіруді ұзарту процедурасының шарттарын реттеуге, екіншіден, жобаға сәйкес, қосымша зерттеу және қосымша барлау жұмыстарын уранды өндіру кезеңінде жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, анықталған уран қорын бағалау жұмыстарын кен орнын игеру немесе уранды тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобаларына қосымша ретінде жүзеге асыруға жағдай туады.

Сенаторлар заң жобасына толықтырулар енгізіп, оны Мәжіліске қайтарды.

Авторы: Данагүл Біләлова