Қазақстанда 27,1 млн тонна рекордтық астық жиналды

Қазақстанда 27,1 млн тонна рекордтық астық жиналды

Қазақстанда астық жинау науқаны аяқталды. Ауыл шаруашылығы министрі Үкімет отырысында биылғы орақтың қорытындысын мәлім етті. Айдарбек Сапаровтың дерегінше, ел бойынша 27 млн тоннадан астам астық қамбаға құйылды. 20 млн тоннадан артық бидай бастырылған. Бұл былтырдан жарты млн тоннаға көп. Қазақстан жаңа орылған астықтың 2 млн тоннадан астамын экспорттап үлгерген. Бұл өткен жылдан 21% көп. Отандық астық биыл Еуропа, Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия, Араб түбегі мен Солтүстік Африка елдеріне жеткізілді.  Министрдің сөзінше, сонымен қатар диқандар 4 млн тоннаға жуық арпа жинаған. Ал бұршақ дақылдарының түсімі алғаш рет 1 млн тоннаға жетті. Майлы дақылдар бойынша да рекордтық өнім алынды.

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Сонымен қатар 2,9 млн тонна картоп, 3,8 млн тонна көкөніс, 2,6 млн тонна бақша дақылдары жиналды. Мақта жинау жұмыстары аяқталды. Тамшылатып суаруды қолдану арқасында кейбір шаруашылықтар гектарынан 50 центнерге дейін өнім алды. Жалпы алғанда, орташа өнімділік 30 ц/га деңгейінде қалыптасып, 428 мың тонна шитті мақта жиналды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 42% көп.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?