Қазақстанда
тағы бір арнайы экономикалық аймақ құрылады. Үкімет
қаулысының жобасын Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі әзірледі. Қызылорда
облысындағы «Қорқыт ата» экономикалық аймағының ауданы 100 гектардан асады. Бұл
жерде әлемдік стандарттарға сәйкес келетін заманауи өнеркәсіптік-өндірістік
кешендер салынады. Жоба еліміздің транзиттік әлеуеті мен сауда байланыстардың
өсуіне септігін тигізеді. Осы арқылы өңірдің экономикасы мен инфрақұрылымы
жақсарады.

