Қытай Қазақстанда өндірістік жобаларды дамытуға 1 млрд юаньнан астам қаржы құяды

Қытай Қазақстанда өндірістік жобаларды дамытуға 1 млрд юаньнан астам қаржы құяды

Қазақстан мен Қытай инвестициялық ынтымақтастық аясын кеңейтуге ниетті. Аспан асты елі отандық өндірістік жобаларды дамытуға 1 млрд юаньнан астам қаржы бағыттайды. Бұл жөнінде ел Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қытайдың сауда-өнеркәсіп банкі басқармасының төрағасы Лю Цзюньмен кездесуінде айтылды. Тараптар ынтымақтастық келешегін талқылап, «жасыл» қаржыландыру, инфрақұрылымды және экспорттық әлеуетті қолдау тетіктерін дамыту әзірлігін жеткізді. Олжас Бектенов Қытай еліміздің стратегиялық серіктесі екенін атап өтті. Былтыр екіжақты тауар айналымы 44 млрд долларды құрап, рекордтық көрсеткішке жетті. Ал биылдың 4 айында өзара сауда-саттық 3,4% өскен. Қазір Қытай Қазақстан экономикасындағы ең ірі инвесторлардың бестігіне кіреді. Жаңа бірлескен бастамаларды жүзеге асыру дамудың жаңа көкжиектерін ашуға ықпал етеді. Қытайлық қаржы институтының басшысы инновацияларды дамытуға бағытталған әріптестікті кеңейтуге ұмтылатынын атап өтті.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?