Президент Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитеті саяси бюросының мүшесі Нгуен Суан Тхангты қабылдады

Президент Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитеті саяси бюросының мүшесі Нгуен Суан Тхангты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамды еліміздің Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі серіктесі деп атады. Мемлекет басшысы елдің Коммунистік партиясы Орталық комитеті Саяси бюросының мүшесі Нгуен Суан Тхангпен кездесу өткізді. Президент бүгінде қазақ-вьетнам қатынастары қарқынды дамып келе жатқанын назарға алды. Қазақстан орнатылған серіктестікті одан әрі нығайта түсуге дайын. Қасым-Жомарт Тоқаев парламентаралық ынтымақтастықты жандандырудың маңызына тоқталды. Ал, Нгуен Суан Тханг вьетнамдық тарап Қазақстан Президентінің өткен жылы елге сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру үшін белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Президентін келесі жылы республикаға сапармен келуге, сондай-ақ Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.

Әсел Күшенғалиева