Қазақстанда темір жол желісі кеңейтіледі

Қазақстанда темір жол желісі кеңейтіледі

Қазақстанда темір жол желісін дамытуға басымдық беріліп келеді.  Елде көлік инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту шаралары қолға алынған. Таяу 3 жылда республика бойынша 1300 шақырымнан астам жаңа темір жол желісін салу және қолданыстағы мың шақырымға жуық жолды жаңғырту жоспарланып отыр. Бұл жобалар шойын жолдың өткізу қабілетін арттыруға, логистикалық шығындарды қысқартуға және республиканың транзиттік әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді. Биыл «Дарбаза - Мақтаарал» және «Мойынты - Қызылжар» жобаларын аяқтау межеленген. Аталған бағыттар бойынша қозғалыс қараша айында іске қосылады, бұл 2026 жылы транзиттік тасымалдың 55 млн тоннаға дейін өсуін қамтамасыз етеді деп күтілуде. Үкіметте темір жол саласын жаңғырту мәселелері қаралды. Жиында еліміздің өнеркәсіптік кәсіпорындары мен кен орындарына қолжетімділікті қамтамасыз ететін жаңа бағыттар құру жөнінде сөз қозғалды.  Көлік жүйесін дамыту өңірлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, жүк тасымалының тиімділігін арттырады және Қазақстанның Еуразияның негізгі транзиттік хабы ретіндегі ұстанымын нығайтады.


Нұрлан Сауранбаев, ҚР Көлік министрі

- Қазақстандағы жалпы жүк айналымының 57 пайызын теміржол көлігі құрайды. Сондай-ақ көлік саласындағы жалпы өнімнің үштен бірін қамтамасыз етеді. Транзит – теміржол саласының басты драйвері. Соңғы бес жылда транзит көлемі 20 млн тоннадан 33 млн тоннаға дейін өсті. Алдағы жылдары бұл көрсеткішті екі есеге арттырып, 2030 жылы транзит көлемі 67 млн тоннаға, ал 2040 жылы 100 млн тоннаға жеткізу жоспарда. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?