Конституция брайль тілінде жарық көрді. Астанада бедерлі-нүктелі қаріппен басылған жаңа Ата-заңның таныстырылымы өтті. Бұл Негізгі заңның барлық азамат үшін қолжетімді болуы үшін ел Үкіметінің бастамасы. Сондай-ақ іс- шара барысында жаңа Конституцияға орай шыққан пошта маркасы көпшілікке таныстырылды. Аталған тұсаукесер рәсімдері елордада ғылыми-тәжірибелік конференция аясында өтті. Жиынға қатысушылар Негізгі заңның құқықтық жүйені дамытудағы, мемлекеттілікті нығайтудағы, азаматтардың құқықтарын қорғаудағы және елдің орнықты дамуын қамтамасыз етудегі рөлін талқылады.
Кенжеғұл
Сейтжан, ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырым
депутаты:
– Брайльдің қалай жазылғанын түгел қазақша, орысшасын танып шықтым. Өте ғажап, Конституцияны барлық азаматтарға брайл тілінде жасап шыққаны. Бұл Ата заң барлық арнйы кітапханаларға, одан кейін басқа да кітапханаларға жеткізіледі. Көз жанары мүгедектігі бар азаматтарға ақпаратты беру жолында министрлікпен одан кейін конституциялық сотпен бірге осындай жасап жатқандарына шын жүректен алғысымды айтқым келеді.

