Қазақстанда жеңістің 80 жылдығына дайындық жүріп жатыр

Қазақстанда жеңістің 80 жылдығына дайындық жүріп жатыр

7 мамыр күні Қазақстан астанасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне арналған әскери парад өтеді. Бұл ауқымды іс-шараға 4,5 мың адам қатыспақ. Дәстүр бойынша салтанатты сап түзеген әскерилер алаңмен жүріп өтеді. Әуеде әскери авиация нысандары қалықтап, қарулы күштер техникасының шеруі ұйымдастырылады. Биылғы парадтың ерекшелігі – қатысушылар соғыс жылдарындағы әсери форма киіп, сол сұрапыл кезде Қазақстан аумағында құрылған әскери бөлімдердің жауынгерлік туларын ұстап шығады. Алдағы салтанатты шараға Ұлттық ұлан атынан 400 әскери қызметкер мен 17 бірлік әскери техника қатысады. Қазіргі таңда олар қызу дайындық үстінде. 

Дильшат Исламов, Құрмет қарауылы ротасының сарбазы: 

- Мен үшін мұндай маңызды шара - парадқа қатысу зор құрмет. Әрбір сарбаз, әрбір әскери қызметші үшін бұл үлкен абыройлы міндет деп ойлаймын. Біз бұл күнге тыңғылықты дайындалып, бар күш-жігерімізді аянбай жаттығудамыз. Осындай ауқымды шеруде сап түзеп жүру біз үшін үлкен жауапкершілік. 

Бағлан Құдияр, Құрмет қарауылы ротасының бөлім командирі: 

- Бұл әскери шеруде маған Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланының туын алып жүру мәртебесі бұйырды. Бұл әскери шеру жоғары деңгейде өтеді деген сенімдемін. Жаттығулар жоғары деңгейде және қарқынды жүруде. Бұл әскери шеруге қатысу  мен үшін үлкен бақыт. Оған дайындығымыз бір ай бұрын басталды, және алда әлі үш айымыз бар. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?