Мәселен, 2021 жылдың тоғыз айымен салыстырғанда өндіріс 30%-ке жуық өсті. Бұл пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 2,4 есеге көп. Сатылым да оң динамика көрсетіп отыр. Қаңтар-қыркүйек айларындағы көрсеткіштер 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бірден 68%-ке артты. Сала мамандары мұны бірінші кезекте өндіріс көлемінің ұлғаюы мен сатылымдағы отандық автокөліктердің үлесі есебінен болды деген пікір айтып отыр. Ал әлемдегі жағдайға кедетін болсақ, мұнда жағдай өзгеше дамып келеді. Мәселен, АҚШ-та 2019 жылмен салыстырғанда осы кезеңдегі автокөлік сатылымы 20%-ке аз болды. Жапонияда – 24,5%-ке, ал Батыс Еуропада 32%-ке азайған. Ал, көршілес Ресейге келер болсақ, мұнда көрсеткіш бірден 60%-ке төмендеді.