Қазақстанның IT экспорты 700 млн долларға жетті

Қазақстанның IT экспорты 700 млн долларға жетті

Былтыр Қазақстанның IT экспорты шамамен 700 млн долларға жетті. Тек биыл жартыжылдықта Астана хаб резиденттерінің экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50% өскен. Жалпы оның резиденттері 2024-ші жылы 1,2 трлн теңгеден астам табыс тапты. Бүгінде Астана хабтың елімізде 19 сондай-ақ, Сауд Арабиясы, АҚШ, Ұлыбритания, Дубай, Қытайда өкілдіктері бар. Қазіргі таңда ел аумағында 18 мыңнан астам IT компания тіркелген. Оның 437 халықаралық.

Жаслан Мәдиев, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

- 2024-2025 жылдары жасанды интеллеккті дамытуда маңызды бастамалар жылдары болды. 2029-шы жылға дейінгі тұжырымдама бекітілді. Сол сияқты жасанды интеллект пен цифрлық трансформация стратегиясы әзірленіп жатыр. Мәжіліс жасанды интеллект туралы заңды қарады. Жасанды интеллект жөніндегі кеңес Мемлекет басшысының төрағалығымен құрылды. Оның мақсаты әлемдік сарапшылармен пікір алмасып, елімізде жасанды интеллектті дамыту бойынша ұсыныстарды дайындау.

Сондай-ақ, елімізде Kaz-Тeсh Ұлттық платформасы әзірленгенін айта кету керек. Жүйе IT өнімдерді 3-4 есе тез жүзеге асыруға көмектеседі. AlemLLM қазақ тіліндегі тілдік моделі қолжетімді. Жақында Орталық Азия өңірінде алғашқы суперкомпьютерлік кластер іске қосылғаны белгілі. Сонымен қатар, биыл Астанада Alem.AI халықаралық орталығын ашу жоспарланған.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?