Халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстан экономикасы өсімін болжады

Баяндамада ел экономикасының нығаюына фискалдық және сыртқы теңгерімнің негізгі көрсеткіштері ықпал ететіні айтылған. Олар тұрақты және мұнай экспортының төмендеуіне байланысты ықтимал кері әсерді жұмсартуға қауқарлы болмақ. Сарапшылар бұл ретте, Үкімет жүргізіп отырған тиімді макроэкономикалық саясаттың да оң әсері барын атап өтті. Ол инвестициялық бағдарламалар арқылы экономиканы әртараптандыруға, инвестициялық ахуалды жақсартуға, мемлекеттің қатысуын азайтуға, салық саясатын жетілдіруге, мемлекеттік сатып алуларды реформалауға, бизнеске әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған. Сарапшылардың пікірінше, шикізаттық емес сектордағы тұрақты өсім шетелдік инвестицияларды тарту бойынша қабылданатын шаралармен қамтамасыз етіледі. Жалпы, халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстан экономикасының өсімін биыл 4% шамасында  және 2023-2026 жылдары орта есеппен 4%-тен жоғары деңгейде болады деп болжайды.