Қазақстанда баламалы қуат көздері нысандары 9 айда 6 млрд
кВт/сағат электр энергиясын өндірді. Бұл еліміздегі жалпы генерацияның шамамен
7% тиесілі. Салалық министрліктің дерегінше, оның басым бөлігі күн және жел
күшімен алынған. Бұл ретте су электр стансаларыныңда үлесі бар. Айта кетейік,
қазір бұндай 148 станция жұмыс істейді. Ресбуликадағы осы жаңартылатын энергия
көздерінің жалпы қуаты 2,9 ГВт құрайды. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті еселей
түсу көзделуде. Қазақстан 2030 жылға қарай оның үлесін 15%-ке дейін жеткізуге
ниетті. Бұл мақсатта ел бойынша жаппай жаңа қуат станциялары салынып жатыр. Мәселен
үстіміздегі жыл соңына дейін 6 ірі жоба іске қосылмақ. Атап айтсақ 5 гидро және
бір жел нысанының құрылысы аяқталуға жақын.
Жеңіс Ермұқанов