Жаңа кәсіпорындарды іске қосу Қазақстанға 840 млрд теңге инвестиция тартты

Жаңа кәсіпорындарды іске қосу Қазақстанға 840 млрд теңге инвестиция тартты

Қазақстанда 2025 жылы 33 жаңа өнеркәсіп нысаны пайдалануға берілді. Жаңа нысандар машина жасау мен металлургиядан бастап, жеңіл өнеркәсіпке дейінгі өндірістік бағыттарды қамтиды. Атап айтсақ, машина құрастыру саласында екі ірі өндіріс ошағы іске қосылды. Олар жылына 120 мың және 70 мың жеңіл автокөлік жасауға қауқарлы. Ал металлургия бағытында темір және ферроқорытпа өндіретін кәсіпорындар ашылды. Қарағанды облысында кешенді құймалар зауыты салынды. Жаңа зауытта ферросилиций өндіріледі - ол болат пен алюминий алу үшін қажет, оны электроникада да кең қолданады. Химия өнеркәсібі бағытында жылына 100 млн метр резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіретін кәсіпорын ашылды. 10 мың тонна метилэтанол өндіретін нысан жұмысқа кірісті. Жалпы, жүзеге асырылған жобалар 841 млрд теңгеден астам инвестиция тартуға мүмкіндік берді.

Мұхамед Андаков, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары:

- Сонымен қатар, 2025 жылы жаңа 10 тауардың өндірісі Қазақстанда іске асырылды. Бұлар ауыр машина жасау саласында, қағаз өңдеу  саласында, Автомобиль өндірістерінде іске қосылды. Аталған жобалардың іске асырылуы импорттың азаюын, ішкі нарықтағы бәсекелестікті көбейту, қазақстанда өндірілген тауарлардың және экспортты арттыру. Бұл шаралардың бәрі экономикалық оң әсерін береді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?