2025 жылы Қазақстан 190 индустриялдық жобаны іске қосады

2025 жылы Қазақстан 190 индустриялдық жобаны іске қосады

Қазақстан индустриялдық дамуда жаңа серпіліс жасайды. Биыл елімізде 3 миллиард долларға 190 жоба іске қосылмақ. Бұл соңғы 5 жылдағы рекордтық көрсеткіш. Республикада құрылыс, химия, машина жасау және металлургия салаларында жаңа өндірістер пайда болады деп күтіліп отыр. Соңғы үш бағытта 2025-2035 жылдар аралығында 9 ірі жоба жүзеге асырылады. Олар толық жобалық қуатына шыққан кезде өндірістік өнім көлемі шамамен 7,3 миллиард долларды құрайды. 9-дың екеуі биыл іске қосылады. Олардың ішінде Қостанайда жылына 70 мың көлік, Алматыда жыл сайын 90 мың көлік шығаратын мультибрендті автозауыт бар. Айта кетейік, Қазақстанда 5 жылда алғаш рет өңдеу өнеркәсібінің өсімі 5,9% -ды құрады, ал жалпы өндіріс көлемі 24,5 трлн теңгеге жетті.

Дәурен Байдүйсенов, «Qazindustry «қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ басқарушы директоры

- Сондай-ақ, моноқалаларда бірқатар жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Толық қуаттылыққа шыққан кезде жобаларды іске асырудың жалпы тиімділігі 2,2 трлн теңгеден асады. Былтыр Қостанай облысында шетелдік серіктестермен темір жол құрамына арналған пружина, қалып шығаратын зауыт іске қосылды. Соның аясында Словакия, Түркия, Германия және Румынияға өнім шығара бастадық. Яғни, бұл өнімдер қазір шетелдік нарықтарда өте танымал әрі сұранысқа ие.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?