Қазақстан бизнесті мемлекеттік қолдау шараларының тізілімін құруға ниетті

Қазақстан бизнесті мемлекеттік қолдау шараларының тізілімін құруға ниетті

Қазақстанда кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының тізілімін құру жоспарлануда. Бұл – 100-ден астам қаржылық, мүліктік және қаржылық емес құралдарды қамтитын құрылымдалған тізім. Мемлекеттік органдар ақпаратты уақытылы жаңартып, оның дұрыстығына кепілдік беруге міндетті. Қосымша ұсынылатын шаралардың тиімділігін мониторингтеу жүйесі қарастырылған. Ведомства қолдаудың нәтижелерін тұрақты түрде талдайды, ал бизнес шағым беру және өз құқықтарын қорғау алгоритмін нақты түсінеді. Тізілімнің құрылуы - мемлекеттік қолдау шараларының ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға жасалған маңызды қадам. Енді жеке кәсіп иелеріне ақпаратты әртүрлі дереккөздерден іздеудің қажеті жоқ. Яғни, өзекті ақпаратқа жедел қол жеткізетін орталықтандырылған дереккөзге айналады.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?