AI білім беру жүйесіндегі стратегиялық басымдық

AI білім беру жүйесіндегі стратегиялық басымдық

Нейрожелілер жұмысының принциптерін түсіну оқушыларды болашақ еңбек нарығына бейімдеу үшін өте маңызды. Бұндай пікірді Стамбул техникалық университетінің академигі Ибрагим Шая білдірді. Оның айтуынша, цифрландыру дәуірінде бәсекеге қабілетті болу үшін болашақ мамандарға технологияның қалай жұмыс істейтіні туралы терең білім қажет. Яғни заманауи технологияларды талдау пәндерін енгізу керек. Сондықтан жасанды интеллект саласындағы оқыту AI тетіктерін терең зерделеуді, этикалық нормалар мен қауіпсіздік шараларын сақтауды қамтуы тиіс. Сарапшы бұл бағытта мемлекет, университеттер мен мектептер, сондай-ақ мамандар бірлесіп жұмыс істеуі қажет деп санайды.

Ибрагим Шая, Istanbul Technical University академигі /Түркия/:

- Оқушыларға тек белгілі бір құралдарды қолдануды немесе тапсырма орындау, код жазу сияқты нақты жұмыстарды істеуді ғана талап ету жеткіліксіз. Керісінше, біз бұл технологияны оқу үдерісіне толық енгізуіміз керек. Сонымен қатар мектептерде жасанды интеллектке қатысты арнайы курстар болуы тиіс. Бұл курстар оқушыларға технологияны дұрыс жолмен үйренуге және оның қалай жұмыс істейтінін терең түсінуге мүмкіндік береді.

Орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу, мұғалімдердің қосымша жұмыс уақытын жүйелейді. Яғни, нәтижесінде ұстаздың аптасына кемі 10–15 сағаты үнемделеді. Нейрожелілер сабақтарға дайындықты және тапсырмаларды тексеруді автоматтандырады. Көптеген елдерде АІ оқытушыны алмастыру емес, цифрлық көмекші ретінде қолданылады. Сала сарапшысы Амина Байкенова оны сәтті енгізудің басты шарты педагогтар мен жалпы мектептердің сандық сауаттылығын арттыру екенін алға тартады. 

Әмина Байкенова, ISSAI өнімдер және сыртқы байланыстар жөніндегі директордың орынбасары:

– Арнайы бағдарламаларды енгізбес бұрын, оларды педагогтармен бірге әзірлеу өте маңызды. Ең бастысы мектептердің сандық сауаттылық деңгейі. Яғни, AI-ді оқу жүйесіне ендіру үшін ұстаздар мен мектеп директорлары оның не екенін, ол не үшін қажет екенін және онымен қалай жұмыс істейтінін дұрыс түсінулері қажет.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?