Астана тағы да шахмат әуесқойларының орталығына айналды. Бұл жолы АҚШ,
Еуропа, Азия және ТМД елдерінің отандық және халықаралық сарапшылары зияткерлік
ойынды мектептен бастап үйретудің маңыздылығы туралы айтты. Қазақстан
астанасында екінші рет «Білім берудегі шахмат» халықаралық конференциясы өтті. Жиында
тараптар ойынды оқу процесіне енгізудің тәжірибесімен және үздік нәтижелермен
алмасуға ниетті. Сарапшылардың айтуынша, цифрландыру және жасанды интеллект
дәуірінде шахматтың мүмкіндіктері мен дағдылардың маңыздылығын шамадан тыс
бағалау қиын. Сонымен қатар, Қазақстанда 700-ден астам мектеп бірінші
сыныптарға арналған «Шахмат негіздері» сабағын білім беру бағдарламасына
енгізуге өтінім берді. Осылайша, 350 мекемеде жаңа оқу жылынан жоба іске
қосылады. Бұл туралы KazChess бірінші вице-президенті Дармен Сәдуақасов хабарлады.
Сондай-ақ, пән бойынша педагогтар да дайындықтан өтуде. Бүгінгі таңда
республикада 200 мұғалім тиісті курстардан өтті.
Дармен Сәдуақасов, «KazChess» бірінші вице-президенті:
- Біз мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мектепте
шахмат бағдарламасын іске асырудамыз, біз Үкіметтің толық қолдауына ие болдық.
Осылайша, 2027 жылға дейінгі шахмат дамуының кешенді жоспарын бекітілді. Оның
аясында мектептерде шахмат вариативті компонент түрінде енгізіледі. Өткен
жылдан бастап біз Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен пилоттық жобаны іске
қостық, Қазақстанның 7 өңіріндегі 42 мектеп өз жетістіктерін көрсеттті. Қыркүйекте
басталатын осы оқу жылында жобаны кеңейтуді жоспарлап отырмыз.
Джерри Нэш, «Сhess in Еducation» комиссиясының төрағасы:
- Біз шахматқа қатысатын оқушылардың
сыни және креативті ойлауын дамыту, сондай-ақ коммуникация мен өзара іс-қимылды
үйрену үшін енгізуді ұсынып отырмыз. Бұл қазіргі заманда табысты өмір сүруге қажетті
негізгі дағдылар. Шахмат білім беру құралы ретінде экономикалық әсерге ие бола
алады, оны жақсы меңгерген жас ұрпақ кәсіби қызметке, сараптауға дайын болады.