Қазақстанда экономикалық үдерістердің дамуын болжау үшін жасанды интеллектіні қолданудың нақты тетігі енгізілмек. Бұл міндет Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қаралды. Digital Qazaqstan стратегиясы түбегейлі цифрлық өзгерістерді қамтамасыз етуі тиіс. Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, 2030 жылға қарай жасанды интеллектінің әлемдік экономикаға қосатын үлесі 22 трлн доллардан асады. Осы мақсатпен есептеу қуаттарын арттыуға назар аударылады. Павлодар облысында «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыруға инвесторлар тарту жұмысын жандандыру қажеттігі атап өтілді. Жауапты ведомствоға Қазақстан аумағында бұлтты провайдерлердің қызметін реттеу мен оның дамуын ынталандыруға арналған заңнамалық түзетулер әзірлеу тапсырылды.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
- Жасанды интеллектіні тиімді пайдалану үшін инфрақұрлымның даму деңгейі маңызды рөл атқарады. Біздің елімізде Alem.Cloud және AL Farabium өңірдегі ең ірі суперкомпьютер кластерлері орналасқан. Олар жаһандық TOP-500 рейтингіне кіреді. Мемлекеттік органдар мен бизнес тарапынан жасанды интеллект шешімдерін әзірлеу үшін суперкомпьютердің есептеу қуаттарын бөлуге қатысты өтініштер саны артты. Бұл қолданыстағы көлмдерді ұлғайту және осындай ресурстарды бөлудің икемді саясатын әзірлеу қажеттігін көрсетеді.

