Этносаралық келісім мен халық бірлігі мемлекеттік саясаттың басты
бағыттарының бірі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының төрағасы,
Парламент Мәжілісінің депутаты Сергей Пономаревті қабылдауында айтты. Ол ұлтты
ұйыстыратын фактор ретінде мемлекеттік тілді насихаттаудағы славян ұйымдарының
жұмысы туралы, Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі
«Бірлігіміз – әралуандықта» тұжырымдамасын іске асыру жайлы баяндады. Өз кезегінде
Президент, әділдік пен баршаға тең мүмкіндік жасау – Әділетті Қазақстанның
негізгі қағидаты екенін айтты.

