Жалпыұлттық коалиция
мүшелері Ұлытау облысының жұртшылығымен жаңа Конституция жобасының негізгі
ережелерін, сондай-ақ алдағы республикалық референдумның маңызын талқылады.
Делегацияны Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат
министрі Аида Балаева бастады. Ол қазіргі дамыған заманда адами капитал кез
келген мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің басты факторы екенін атап өтті.
Сондықтан жаңа Негізгі заңда ғылым мен білімді қолдауға ерекше көңіл бөлінген. Сонымен
қатар жаңа Ата заңда Ұлттық бірегейлікті сақтау, отбасылық құндылықтарды
қалыптастыру, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдық берілген. Аида
Балаеваның айтуынша, Конституция жобасы іргелі демократиялық қағидаттарды
нығайтуға бағытталған. Құжат әр азаматтың құқықтары мен бостандықтарының
қорғалуын қамтамасыз етеді.
Гүлбану Сейтжанова,
Ұлытау облыстық аналар кеңесінің төрайымы:
- Жаңа Конституцияның
жобасы - отбасы институтын нығайтуға, баланың құқықтары мен қауіпсіздігін
қорғауға, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтау мәселелеріне басымдық беріп
отыр. Аналар Кеңесі осы Конституциялық қағидаттарды қоғамда кеңінен
насихаттауды негізгі бағыты деп санайды.

