Қазақстан төлқұжаты әлемдік рейтингте Орталық Азияда ең мықты деп танылды

Қазақстан төлқұжаты әлемдік рейтингте Орталық Азияда ең мықты деп танылды

Қазақстан паспорты Орталық Азиядағы ең мықты төлқұжат деп танылды. Henley & Partners компаниясы Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының деректеріне сүйеніп, жаңартылған әлемдік рейтингті ұсынды. Бұл жаһандық тізімде еліміз 62 орынға жайғасты. Қазақстан азаматтары онымен әлемнің 76 еліне визасыз немесе жеңілдетілген тәртіппен бара алады. Ал, Қырғызстан-63, Өзбекстан-61, Тәжікстан-56, Түркменстан азаматтары өз төлқұжаттарымен - 49 мемлекетке кіреді. Бұл ретте көшбасшы - Сингапур. Оның тұрғындары шартарапты шарлап, 193 елде емін-еркін жүре алады. Ал, ең әлсіз паспорт Ауғанстан, Сирия және Ирак азаматтарына тиесілі.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?