Қазақстанда жасанды интеллект бизнестің жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал етеді

Қазақстанда жасанды интеллект бизнестің жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал етеді

Қазақстанда жасанды интеллект бизнестің жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал етеді. Заманауи технологиялар қазір білім беру, денсаулық сақтау, энергетика, өндіріс және логистика саласында кеңінен қолданылады. Әсіресе логистикада қарқын алды. Сандық шешімдер жүк тасымалдау шығындарын есептеуге, шығындарды азайтуға, оңтайлы бағытты құруға жәрдемдеседі. Мұның бәрі жұмыстың тиімділігін, жылдамдығын, ашықтығын және жеткізу тізбегінің қауіпсіздігін айтарлықтай жақсартады. Сонымен қатар, ақылды алгоритмдер онлайн режимде орташа нарықтық бағаларды ұсына алады. Мұның бәрі қазақстандық binY стартапының арқасында мүмкін болып отыр. Оны 2022 жылы жасақтай бастады. Ал небәрі бір жылдан кейін ол нарыққа шақты. Қызмет жүргізушіні іздейді. Бағытты есептейді. Бәрі автоматтандырылған. Қазір платформа айына 150-ден астам тасымалдауға қызмет көрсетеді. Жоба Google-дің ең жақсы 3 Silkway Accelerator бағдарламасына енді.


Әсет Хасенов, binY жобасының негізін қалаушы:


- «Біз негізінен орындаушыларды, тапсырыс берушілерді біріктіреміз.  Олар біздің платформа арқылы бағаларды болжау бойынша ең жылдам және ыңғайлы қызмет алады. Нарықта бар барлық нәрсе біздің технологиямызда бар. Бізді «Цифрлық Жібек жолы» деп атап жатыр. Бұл дегеніміз сенімді цифрлық кеңістікті жасадық деген сөз. Сол арқылы тиімді қызмет алуға болады».


Қызмет ірі компанияларға да, шағын бизнеске де қызмет көрсете алады. Бір логист немесе диспетчер платформа арқылы бүкіл жеткізу тізбегін басқарады. Бұл жүйе автоматты түрде жөнелту өтініштерін рәсімдеуден бастап бағыттарды жоспарлауға және тасымалдаушылармен өзара әрекеттесуге дейінгі көптеген процестерді бақылауға және жылдамдатуға мүмкіндік береді дегенді білдіреді.


Әсет Хасенов, binY жобасының негізін қалаушы:


- «Цифрландыруға байланысты біз өз стартапымызды жасадық. Біз ел ретінде, экономика ретінде транзиттік ел бола алатынымызды жақсы түсіндік. Бірден басқа аймақтарға шыға аламыз. Себебі логистика бір-бірімен байланысты, ол бір орында тұрмайды. Біз басқа өңірлермен байланыса отырып, еліміз арқылы транзитті дамытып жатырмыз».

Стартап қазір Қазақстанда, Өзбекстанда және Қырғызстанда табысты жұмыс істеп тұр. Биылдан бастап қызмет Қытайда іске қосылды. Әзірлеушілер бұл жүйе Орталық Азиядағы ең үлкен цифрлық логистикалық хаб болады деп отыр.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?