Қазақстан экономикасы 2024 жылы 5%-ға өсті

Қазақстан экономикасы 2024 жылы 5%-ға өсті

2024 жылы Қазақстан экономикасының өсімі 5%-ды құрады. Нақтыланған мәліметтер Ұлттық статистика бюросы тарапынан білдірілді. Жалпы ішкі өнімнің жалпы көлемі 136 трлн теңгеден асты. Экономикалық өсу мұнай емес секторды дамыту есебінен болды. Атап айтқанда, тауарлар өндірісі мен қызмет көрсету саласы ұлғайды. ЖІӨ өсуінің негізгі факторларының бірі өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемінің 7 пайызға жуық ауқымда кеңеюі болды. Бұл соңғы 14 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Өсімге құрылыс секторы мен ауыл шаруашылығы да елеулі үлес қосты. Сарапшылар атап өткендей, осының барлығы - нақты секторды қолдаудың, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытудың, инвестициялық белсенділікті ынталандырудың нәтижесі.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?