ҚР Үкіметі ұлттық валюта бағамын тұрақтандыру үшін шаралар қабылдайды

ҚР Үкіметі ұлттық валюта бағамын тұрақтандыру үшін шаралар қабылдайды

Қазақстанда валюта нарығын тұрақтандыру бойынша шаралар қабылдануда. Себебі елде соңғы күндері оның тұрақсыздығы байқалады. Осыған орай өткен баспасөз маслихатында премьер-министрдің орынбасары - Ұлттық экономика министрі теңге бағамының құбылуы сыртқы факторлардың әсерімен тікелей байланысты екенін алға тартты. Үкімет ішкі нарықты тауарлармен қамтамасыз ету, бәсекелестікті, сыртқы сауда мен тарифтерді реттеу және қорғау есебінен инфляцияны тежеуді жоспарлап отыр. Нұрлан Байбазаров әлеуметтік маңызы бар тауарлар құнының өсуіне жол бермеу үшін жаңа өнімнің азық-түлік қоры іске қосылатынын атап өтті. Бұл тұрақтандыру қорларының қоймаларында, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің 826 мың тоннадан астам азық-түлігі сақталады. Бұдан басқа, мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері толық көлемде орындалады.

Жеңіс Ермұқанов.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?