Қазақстандағы инвестиция нарығы қарқынды даму үстінде. Бұл туралы Астана халықаралық қаржы орталығында хабарланды. Ұйым бірнеше жыл бойы атқарылған жұмыс өз нәтижесін бергенін қуана жеткізді. Мәселен, 2012 жылдан бері елге 49 млрд доллар қаржы тартылды. Осылайша, 10 жыл ішіндегі көрсеткішті алып қарасақ, жыл сайын құны 5 млрд доллар болатын 36 келісім-шарт жасалып отырған. Өз кезегінде, Астана Халықаралық Қаржы Орталығы ашылғалы бері 6 жылда 10 млрд доллар инвестиция тартты. Қаржы секторы, инфрақұрылымдық жобалар, энергетика саласы мен жаңа технологиялар шетелдік инвесторларға қызық негізгі салалар.
Ренат Бектұров, АХҚО меңгерушісі:
- Бүгінге әлемде үш триллионға жуық қаражат бос жатыр. Оларды инвестициялауға болады. Оның белгілі бір бөлігі Қазақстанға келгенін қалаймыз, әрине. Мысалға, тек былтыр ғана бүкіл мемлекеттерді алғанда 700 млрд долларға келісім-шарт жасалса, 10 жыл ішінде Қазақстанда 5 млрд долларға жасалды. Бұл көрсеткішті өсіруге әлеуетіміз жетеді. Бүгінгі шара бізге не жетіспей жатқанын, не істеу керекпіз деген сұрақтарға жауап іздейді. Тағы инвесторларға қандай көмек көрсете аламыз деген сұрақты талқылау үстіндеміз.