Қазақстанда жанар-жағармайға шекті баға белгіленді. Энергетика министрлігінің бұйрығына сәйкес, енді, АИ-80 маркалы бензиннің литрі 89 теңгеден саудаланады. Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында АИ-92 және АИ-93 отынның бағасы 187 теңгеге дейін көтерілді. Ал, қалған өңірлерде баға сол деңгейде қалды. Көлік жүргізушілері бұрынғыдай бұл маркалы бензиннің литріне 182 теңге төлейтін болады. Елімізде дизельдің бағасы аймаққа байланысты литріне 230-260 теңге аралығында сатылады.