Қазақстан астық экспортын ұлғайтты. Соңғы 2 айда шетелге 1 млн 800 мың тоннадан астам отандық бидай жөнелтілді. Бұл былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 30% көп, деп хабарлайды елдің ауыл шаруашылығы министрлігі. Дәстүрге сай қазақстандық астықты Орталық Азия елдері, Ресей және Иран сатып алады. Бұдан басқа, қазан айында аталған өнімнің Қытайға экспорты ұлғайды.
Сонымен қатар, сарапшылардың есебінше, жергілікті
шараулардың Түркия және Таяу Шығыс елдеріне 1 млн тоннаға жуық астық жеткізу
әлеуеті бар.