Қазақстан экономикасы 2022 жылы 1,8%-ке, 2023 жылы 4%-ке өседі. Дүниежүзілік банк мамандарының болжамы осындай. Бұған дейін халықаралық қаржы институты еліміздің жалпы ішкі өнімінің өсімі биылғы жылы 3,7%-ті, келесі жылы 4,8%-ті құрайтынын болжаған еді.
Төмендеуге Ресей экономикасы құлдырауының жанама әсерлері себеп болады, дейді Дүниежүзілік банк сарапшылары. Сондай-ақ, саудадағы іркілістер, бизнестегі сенімділіктің төмендеуі және валюта бағамының құбылмалылығы да теріс ықпал етіп, өсім қарқыны баяулайды, делінген мәлімдемеде. Ал Қазақстан үкіметі 2022 жылдың соңына қарай жалпы ішкі өнім өсімін 2,1% деңгейінде болжап отыр.