Астанада шағын және орта бизнес форумы өтті

Бүгінде Қазақстан экономикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 37%  жетті. Мұнда қазір 4 млн астам адам жұмыс істейді. Өткен жарты жылда сала өкілдері 34 трлн теңгенің өнімін өндірген. 2023 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда өсім шамамен 20% -ті құрады. Бүгін Астанада өткен форумда кәсіпкерліктің дамуы мен саланың әлеуеті әңгіме өзегіне айналды. Оның аясында отандық тауар өндірушілер ішкі нарықта және шетелде де сұранысқа ие болатын дайын өнімдер тізбегін ұсынды. Мәселен, елдің оңтүстік өңірінде жасалатын күн панельдерін жақын арада АҚШ пен Канадаға экспорттау жоспарланып отыр. Кәсіпкер мемлекеттік қолдаудың көмегімен өндірістің толық циклін жолға қою және кремний пластиналарын өндіретін зауыт салуға мүдделі.

Серік Құлмырзаев, күн панельдерін шығаратын компанияның коммерциялық директоры:

– Өндіріс жолға қойылған, біздің күн панельдерінің соңғы модельдері шығарылымда. Біз испан өндірушілерінің технологияларын қабылдадық. Қазірдің өзінде арнайы сәйкестік сертификаттарын алдық және жақын арада қараша айының соңында шамамен 500-600 киловаттты құрайтын алғашқы партияны тапсырыс берушілерге жіберуді жоспарлап отырмыз.

Маңғыстаулық кәсіпкер Жанаргүл Жапарова да өз бизнесін кеңейтуге ниетті. Ол «Бір ауыл - Бір өнім» жобасының қатысушысы. Бұған дейін іскер әйел жүнді қайта өңдеу цехына арналған жабдықтарды сатып алуға мемлекеттен грант алған. Енді кәсіпкер тағы бір өндіріс ашуды жоспарлап отыр.

Жанаргүл Жапарова, кәсіпкер:

– Біз өз өнімдерімізді шығарған кезде қалдықтар көп қалып жатады. Сондықтан біз қалдықсыз өндіріс жасау үшін жергілікті қой жүнінен жүнге арналған тыңайтқыш жасағымыз келеді. Бұл био тыңайтқыш болады. Бізге жабдық алу мен цех салу үшін инвестициялық қолдау керек.

Айта кетейік, форум 450 кәспкердің басын қосты. Күн тәртібінде елдегі іскерлік белсенділікті тұрақты дамытуға бағытталған инновациялық тиімді шешімдер қаралды.

Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?