Қазақстанда жаңа теңіз порты салынады

Қазақстанда жаңа теңіз порты салынады

Қазақстан тағы бір теңіз портымен толыққалы тұр. Жаңа су айлағын Ақтауда салу жоспарланып отыр. Бұл жөнінде Маңғыстау облысының әкімі мәлімдеді. Құны 300 млн долларды құрайтын жобаның инвесторы ретінде қытайлық компания таңдалып отыр. Қазір қос тарап арасында келіссөз жұмыстары жүріп жатыр. Сарапшылар ол «Қытай – Қазақстан – Ақтау – Баку – Поти – Еуропа» жаңа халықаралық көлік дәлізін қалыптастыруға ықпал ететінін айтады. Оны жүзеге асыру жүктерді жеткізу мерзімін 15 күнге дейін қысқартуға, көлік шығындарын 25% дейін төмендетуге, мүмкіндік береді. Жаңа теңіз порты Мемлекет басшысының көлік инфрақұрылымын дамыту және транзиттік әлеуетті нығайту жөніндегі тапсырмалары аясында іске аспақ.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?