Қазақстанда Президент жариялаған «Заң мен тәртіп» апталығы аясында аттас жаңа цифрлық сервисі іске қосылды. Енді
азаматтар құқық бұзушылықтар туралы полицияға тікелей Egov Mobile қосымшасы
арқылы хабарлай алады, Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің
мәліметінше, өтініш беру қарапайым әрі түсінікті. Дабыл бірден тәртіп
сақшыларына түседі. Осындай түймелер кейбір банк қосымшаларында да болады. Бұл
сервисті кең аудитория үшін қолжетімді етеді. Жүйе тәулік бойы жұмыс істейді,
өтініштер бүкіл ел аумағында қабылданады.

