Әлемдегі геосаяси шиеленістер мен экономикадағы тұрақсыздықты ескере отырып, бірлескен тиімді шаралар қабылдау керек. ТМД Үкімет басшылары кеңесінің мүшелерімен кездесуінде Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар ұсыныс тастады. «Қазақстанның биылғы төрағалығы аясында ТМД-ның 2030 жылға дейінгі экономикалық даму стратегиясының міндеттерін іске асыру жалғасып жатыр. Халықаралық нарықтағы дағдарысқа қарамастан, экономикамыз біртіндеп қалпына келе бастады» - деді Мемлекет басшысы. Осы ретте кедергілерді жою, қолайлы тарифтік шарт қалыптастыру және әкімшілік рәсімдерді оңтайландыруға шақырды. Президент, көлік-транзит әлеуетін дамыту мәселесінеде жеке тоқталды. Бұл орайда Еуразия нарықтарына жаңа мүмкіндіктер ашқан Транскаспий халықаралық көлік бағытынының келешегі мол екенін тілге тиек еті.
Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті:
- Бұл мәселенің өзектілігі артып келеді. ТМД-ға мүше мемлекеттер қолда бар әлеуетті дамыту үшін бірлесіп жұмыс істейтін болады. Атап айтқанда, Иранға, Парсы шығанағы мен Үндістанға шығатын «Солтүстік - Оңтүстік» бағыты бойынша сауда-саттықты өркендету маңызды.