Қазақстан Президенті Ішкі істер министрін қабылдады

Қазақстан Президенті Ішкі істер министрін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа елдегі криминогендік жағдай жөнінде ақпарат берілді. Мемлекет басшысы қабылдауында Ішкі істер министрі болды. Ержан Сәденовтің айтуынша, қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде өткен жылы елдегі қылмыс саны 12 мыңнан астамға азайды. Жалпы, соңғы жылдары республикада қылмыс жасай көрсеткішінің айтарлаықтай төмендеу үрдісі байқалады. Сонымен қатар, тергеудің заманауи әдістерін енгізу арқылы қылмыстың барлық санаты бойынша ашылуы жақсара түскен. Елімізде ұйымдасқан қылмысқа, есірткі қылмысына, сондай-ақ, интернет-алаяқтыққа қарсы белсенді күрес жүргізілуде. Осылайша, елден 2 млрд теңгеден астам қаржының шығарылуы тоқтатылды. 

Ержан Сәденов, ҚР Ішкі істер министрі: 

- Президентке жасөспірімдердің құқықтарын қорғау, көші-қон бақылауын күшейту, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыс атқару жүйесін жақсарту бағыттары бойынша шаралар туралы баяндадым. Мемлекет басшысы қоғамдық қауіпсіздікті және азаматтардың тыныштығын қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берді. 

Авторы: Әсел Күшенғалиева 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?