Қазақстанда ұшқыштар мен бортсеріктер халықаралық стандарттарға сәйкес оқытылады. Отандық әуе компаниясы елордада экипажды апаттық жағдайда жұмыс істеуге машықтайтын жаттығу құралдарын іске қосты. Яғни бортта орын алған қауіптің алдын алу және жолаушыларды құтқаруға қатысты бекітілген нұсқаулық бойынша іс жүзінде әрекет етуге үйретіледі. Толық курс бір жарым айға жалғасады.
Айта кетейік, Ұлттық стандарттарға сайкес экипаж құрамы әр 3 жыл сайын әуе қауіпсіздігі бойынша дағдысын жетілдіріп отыруы тиіс. Елімізде алғашқы оқу жаттығу алаңы құрылғанға дейін олар біліктілігін шетелде арттырған. Енді бұл кәсіби шеберлікті өзімізде толықтырумен қатар өзгелерге үйретудің мүмкіндігі бар.
Дамир Турганов, ұшу қауіпсіздігі және жердегі қызметтерді оқыту бойынша аға менеджері:
– Оқу сапасы шетелдік үлгіден еш кем түспейді. Экипажды жоғары деңгейлік дайындықтан өтукізу үшін енді өзімізде тренажор бар. Артымдағы жаттығу нысаны бұған дейін жолаушыларды тасымалдаған. Яғни шынайы әуе көлігі. Қызметтік қоланыстан шықан ұшақ арнайы оқу ұйымдастыру үшін қайта жабдықталды. Біз Қазақстан мен қатар өзге елдердің әуекомпанияларымен және азаматтық авиация ұйымдарымен ынтымақтастық орнатуға дайынбыз. Бүгінде осы бағытта ұсыныстар түсіп жатыр.