Астанада Аөсшк 20 Жылдығына Арналған Шара Өтті

Астанада Аөсшк 20 Жылдығына Арналған Шара Өтті

Өңір ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты күшейту мәселесі Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі Хатшылығының 20 жылдығына арналған дөңгелек үстел барысында талқыланды. Іс-шараға БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Аталған кеңес құрылғаннан бері елдер арасындағы диалог пен өзара іс-қимылдың тиімді алаңына айналды. Ұйымның Бас хатшысы Қайрат Сарыбай өсіп келе жатқан жаһандық сын-қатерлер жағдайындағы климаттың өзгеруінен бастап жеткізу тізбегі мен азық-түлік қауіпсіздігіне дейінгі аса өзекті мәселелерді бірде-бір ел немесе ұйым өздігінен шеше алмайтынын атап өтті. Ол үшін серіктестермен үндесіп, ортақ мақсаттарды үйлестіру қажет. Ұйым бұл байланыстарды белсенді дамытуда.

Қайрат Сарыбай, АӨСШК бас хатшысы:


– 2007-ші жылдан бастап Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің БҰҰ Бас Ассамблеясында бақылаушы ретіндегі тұрақты орны бар. Бүгінде тек серіктестер және бақылаушылармен ғана емес, басқа да өңірлік құрылымдармен қарым-қатынасты дамытудамыз. Халықаралық әріптестер үшін сенімді серіктеске айналдық. Бірлескен жиындар өткіземіз. Қазір Ұйымға мүше мемлекеттермен де көпжақты әріптестік пен бірлескен әрекетке деген сұраныс айрықша артып келеді.

Мерейтойлық бағдарлама салтанатты қабылдауға ұласты. Соңғы 20 жылдағы ұйымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін танытатын фотокөрме қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды. Еске сала кетейік, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін құру идеясын Қазақстан ұсынған болатын. Бүгінде ұйым Орталық Азия елдерінен бастап Шығыс Еуропаға дейінгі 28 мемлекетті біріктіреді. Ол әлем халқының жартысына жуығын қамтып, диалог пен өзара ықпалдастықтың бірегей алаңына айналды.  

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?