Қазақстанда теміржол машина жасау саласында 12 өндіріс іске қосылады

Қазақстанда теміржол машина жасау саласында 12 өндіріс іске қосылады

Қазақстанда теміржол машина жасау саласында 12 өндірісті іске қосу жоспарлануда. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі кәсіпорындар екі жыл ішінде бой түзейтінін мәлімдеді. Мәселен Атырауда локомотивтерге арналған тірек балкаларды шығаратын дәнекерлеу цехы салынады. Сонымен қатар, жүк вагондары жиналады. Жамбыл өңірінде электровоздарға техникалық қызмет көрсету орталығы іске қосылмақ. Ал, Қарағанды аймағында дөңгелектер шығаратын зауыт қолданысқа беріледі. Павлодар өңірінде механикалық өңдеу уческесі жұмысын бастайды. Сондай-ақ, мұнда темір құйма кешені құрылады. Ал, елдің солтүстігінде жолаушылар вагондарының өндірісі жолға қойылмақ. Ақмола өлкесінде локомотив жасау зауыты жүзеге асырылса, шығыста құйма өндірісі жаңғыртылады.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?