Энергетика
министрлігінде елдегі су тасқыны салдарын жоюға арналған отын қоры туралы
мәліметтер жарияланды. Мәселен, жанар
жағармай материалдары (ЖЖМ) көлемі 1,5 айлық қажеттілікке сәйкес
келеді және Атырау мен Павлодар
мұнай өңдеу зауыттарымен (МӨЗ) үздіксіз толықтырылады.
Қазіргі уақытта ТЖ-ды
жою үшін іске қосылған Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық Ұланның, ТЖМ
бөлімшелері, әкімдіктер басым тәртіппен отынмен қамтамасыз етіледі. Бұл үшін еліміздің 20
өңіріне жүзден астам бензин тасымалдаушы тартылды. Қажет болған жағдайда
олардың саны көбейеді, деп хабарлайды бейінді ведомство. Өңірлерде шамамен 3,5 мың тонна көлемінде
АИ-80, АИ-92, АИ-95 маркалы
автобензиндері, 7 мың тонна көлемінде дизель отыны; сондай-ақ авиаотын мен
мазут дайындалды. Ірі
өндіруші жер қойнауын пайдаланушы компаниялар су тасқынына қарсы іс-шараларға
қатысуда. 500-ден астам арнайы техника бөлініп, сондай-ақ компания
қызметкерлері су тасқынына қарсы іс-шараларға тартылды.