2005 жылдан бері Германиядан Қазақстанға 8 млрд доллардан астам инвестиция тартылды

2005 жылдан бері Германиядан Қазақстанға 8 млрд доллардан астам инвестиция тартылды

Қазақстан Президенті Германия Федералдық экономика және энергетика министрі Катерина Райхені қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, 2005 жылдан бері Германиядан Қазақстан экономикасына 8 млрд доллардан астам инвестиция тартылды. Оның басым бөлігі шикізаттық емес секторға тиесілі. Елімізде неміс капиталының үлесі бар мыңнан аса компания табысты жұмыс істейді. Мемлекет басшысы Қазақстан тарапы германиялық бизнестің отандық нарыққа көбірек келуі үшін қажетті жағдай жасауға дайын екенін растады. Катерина Рейхе еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы елеулі табыстарына тоқталып, екіжақты ықпалдастықты кеңейтудің әлеуеті мол екенін жеткізді. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?