Қазақстанда телекоммуникациялар туралы жаңа заң әзірленуде

Қазақстанда телекоммуникациялар туралы жаңа заң әзірленуде

Қазақстан цифрлық әлемнің шындығына бейімделу және уақыт талаптарына сай экожүйе құруға ниетті. Елімізде әзірленіп жатқан «Телекоммуникациялар және деректерді өңдеу туралы» заңы осы  жолдағы маңызды қадам болмақ. Бұл құжат қазір саланың жетекші сарапшылары, мемлекеттік органдардың, бизнес пен қоғамдық ұйымдардың өкілдерінің қызу талқылауында Қолданыстағы заң бұған дейін тек телефония мен пошта байланысын реттеген. Оны жаңғырту уақытты келді дейді, мамандар. Енді ол интернет, Wi-Fi, радиожиіліктер және 5G сияқты жаңа технологияларды ескере отырып қайта қарауды талап етеді. Жаңа заңнамалық бастамаларды , сондай-ақ «Байланыс туралы заңға» қажетті түзетулерді талқылау үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Түрлі отырыстар мен тыңдауларда отандық телекоммуникациялар нарығына қатысушылар өз ұсыныстарын жеткізді. Олардың ішінде лицензияланбаған интернетті орнату жауапкершілігін заңнамалық тұрғыдан бекіту, салаға инвестициялар тарту, халықты сапалы интернет және байланыспен қамтамасыз ету бар. Жалпы, салалық ведомствоның айтуынша, отандық телекоммуникация секторының дамуы заңнамалық және технологиялық деңгейде қатар жүргізілуде.

Асхат Оразбек, ҚР ЦДИАӨМ вице-министрі:

- 3 мыңнан астам ауылды талшықты-оптикалық байланыспен қамтамасыз ету керек. Былтыр желтоқсанда Республикалық бюджеттік комиссия бұл жұмыстарға қаржы бағытайтынын растады. Сондай-ақ, ауылды жерлердегі елді мекендерге желілерді тарту ісін дүниежүзілік банкпен бірлесіп субсидиялау көзделген. Қазір жоба ел Парламентінің қарауында жатыр. Ал, үшінші жобамыз - бұл негізгі республикалық және облыстық жолдардың бойында антенна-діңгекті құрылыстар жүргізу. Біз оны жүзеге асыру барысын қарастырудамыз.

Айнұр Бейсенбаева, ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникация комитетінің басқарма басшысы:

- Заң үнемі жаңарып тұрды. Бұл жолы барлық анықтамаларды белгіледік. Заң сәл ескірді. Сала енді құрылған кездегі телефонизацияға байланысты терминдер әлі бар. Қазір интернеттің дамуына байнанысты 5G, 6G технологиялары сынды заманауи қызметтерді ескере отырып, оны толығымен өзектендіруіміз қажет. Қаңтар мен ақпан айларында түзетулердің барлық пакетін қалыптастыруымыз керек. Бұдан соң, тиісті мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен келісіп, оларды БАҚ-та жариялаймыз. Онлайн түрде талқылаулар жүргізіледі.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?