Қазақстан ауыл шаруашылығына канадалық АІ-технологияларды тартады

Қазақстан ауыл шаруашылығына канадалық АІ-технологияларды тартады

Қазақстанда жасанды интеллект пен цифрлық шешімдерді егіншілікке енгізу таяу жылдары ауыл шаруашылығын айтарлықтай өзгертуі мүмкін. Бүгінде елде осы бағытта бірқатар технологиялар қолданылуда. Мәселен, шаруалар алқаптардың жай-күйін АІ және спутниктік мониторингтің көмегімен нақты уақыт режимінде қадағалай алады.  Егер учаскеде ылғал жетіспеушілігі немесе өсімдіктер ауруының белгілері пайда болса, жүйе бұл туралы автоматты түрде хабарлайды. Бұл уақытылы әрекет етіп, өнімді сақтауға мүмкіндік береді. Тағы бір мысал  «ақылды» суару жүйесі. Топырақтағы датчиктер мен ауа райының болжамы қашан және қанша су қажет екенін дәл есептейді.  Қазақстанның құрғақ өңірлері үшін бұл аса маңызды. Ал үлкен егіс алаңдарын зерттеу үшін агродрондар пайдаланылады. Қазақстан Канадамен AI-технологияларының тың шешімдерін қолдану аясын кеңейту үшін ықпалдастық құра алады. Мамандар бұндай тәжірибе алмасу саланың тиімділігін арттыруға ықпал ететініне сенімді.


Крис Террис, Agriculture&Consumer Goods аға вице-президенті және президенті:

- Канадада аграрлық саламен оны дамыту үшін  қажетті сандық технологиялар жақсы дамыған. Диқандар озық шешімдерді алқаптарды картаға түсіру, құнарлылығын бағалау, тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарының қажетті көлемін енгізу үшін  пайдаланады. Менің ойымызша, дәл осы екі бағыт бойынша әріптестікті бастау үшін әлеует жеткілікті. Біздің бұл сапарымыз канадалық заманауи технологиялар мен озық тәжірибені Қазақстан жағдайында қолдану үшін қалай бейімдеуге болатынын жақсы түсінуге мүмкіндік берді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?