Қазақстанда бір палаталы парламентке көшу заң шығару жұмысының тиімділігін
арттырады. Мұндай пікірді литвалық саясаттанушы Альгис Крупавичюс білдірді.
Оның айтуынша, әлемдегі 188 ұлттық парламенттің 107-сі бір палаталы жүйе
бойынша жұмыс істейді. Бұл соңғы он жылда көптеген мемлекетің бет бұрып отырған
басқару моделінің кең таралғанын көрсетеді. Сарапшының пікірінше, мұндай жүйе
заң шығару үрдісін оңтайландыруға құжаттардың кері қайтарылуын азайтуға,
сондай-ақ депутаттардың қоғам алдындағы есептілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, ол мұндай саяси өзгерістер
референдумсыз қабылданбауы тиіс екенін атап өтті.
Альгис Крупавичюс, Саясаттанушы /Литва/:
- Егер Қазақстан конституциялық түзетулерді референдум арқылы қабылдайтын
болса, бұл қисынды қадам болмақ. Халықтың түгел қатысуымен шешім қабылдау
тәжірибесі бүгінде біртіндеп қалыпты жағдайға айналып келеді.
Сонымен қатар, халықаралық сарапшылар Қазақстан Президенті ұсынған конституциялық реформаларды елдегі саяси жаңғыру аясында негізделген әрі орынды деп бағалап отыр. Олардың пікірінше, ұсынылып отырған өзгерістер мемлекеттің басқару жүйесінің тұрақтылығы мен тиімділігін күшейтуге бағытталған. Басты бастамалардың қатарында вице-президент институтын енгізу және қоғамның мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне кеңінен қатысуын қамтамасыз етуге тиіс тұрақты кеңесші орган - Халық кеңесін құру көзделіп отыр.

