Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі: Мемлекет басшысы қойған тапсырма уаұытында орындалуы қажет

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі: Мемлекет басшысы қойған тапсырма уаұытында орындалуы қажет

Әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымды қалпына келтіру, сондай-ақ су тасқынынан зардап шеккендерге үй салу мен сатып алу. Осы және басқа да мәселелер бүгін Үкімет отырысында қаралды. Премьер-Министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының табиғи апаттан зардап шеккендерді, баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары дер кезінде орындалу керектігін баса айтты. Қаржыландыру толық көлемде бөлінді, ендігі мақсат барлық ресурстарды жұмылдырып, жұмысты жандандыру. Естеріңізге сала кетейік, қауіпті деп танылған 8 мың 650 үйдің иелеріне қайталама нарықтан үйлер сатып алынуда немесе жаңалары салынуда. Жөндеуге жататын 9 мыңнан астам нысанның барлығында дерлік  жұмыс аяқталды. Сонымен қатар, білім беру және медициналық мекемелер қалпына келтірілуде.