Қазақстанда тарихи мұраны сақтауға арналған платформа іске қосылды

Қазақстанда тарихи мұраны сақтауға арналған платформа іске қосылды

Қазақстанда тарихи-мәдени мұраны цифрландыру бағытында белсенді жұмыс жүргізілуде. Оның аясында «Qazaq Culture» ақпараттық-ағартушылық платформасы іске қосылды. Бұл электрондық алаң 8 тілде еліміздің мәдени құндылықтары туралы баяндайды. Бірегей жүйеге қазақстандықтармен қатар, шетелдік аудитория да қол жеткізе алады. Оны пайдаланушыларға сирек кездесетін жәдігерлер мен өнер туындыларын көруге мүмкіндік беріледі. Бұған дейін мұндай мәліметтер шектеулі көрмелер мен мұражайлар аясында ғана қолжетімді болатын. Осы саланы сандық жүйеге келтірудің нәтижесінде енді мұражайлар мен театрларға виртуалды саяхат жасауға болады. Бұл ең алдымен төл тарихымыз бен ұлттық мәдениетті түгендеудің қамы.


Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:


- Жобаны кеңейту мақсатында Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасының құнды экспонаттар мен сирек кездесетін жәдігерлерді цифрландыратын жеке модуль іске қосылды.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?