Былтыр Шымкент қаласының өңірлік жалпы өнім көлемі бес жарым трлн теңгеден асып,
11% ұлғайды. Шаһар аталған көрсеткіш арқылы өңірлер арасында екінші орын
иеленіп отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа мегаполистің дамуы туралы қала
әкімі Ғабит Сыздықбеков есеп берді. 2025 жылы шаһар экономикасына 859 млрд теңгеден
астам инвестиция құйылған. Ал соңғы үш жылда өнеркәсіп саласында құны 170 млрд
теңге болатын 50 жоба іске қосылды. Шымкентте кәсіпкерлердің саны да артып, өңірлік
жалпы өнімдегі үлесі 41 ден 56% ұлғайған. Жалпы, өсім өнеркәсіп, құрылыс, сауда
және көлік салаларында байқалды. Мемлекет басшысы Шымкент қаласын одан әрі
дамыту бағытында бірқатар нақты тапсырма берді.

