Қазақстанда тағы бір трансшекаралық хаб пайда болады. Ол келер жылы Абай облысында салынады. Ірі жобаға 7 млрд теңге бағытталады. «Бақты» көпфункционалды көлік-логистикалық терминалында жүктерді өңдеу мен жинақтау жүргізіледі деп жоспарланған. Хаб іске қосылғанда шекара аймағындағы инфрақұрылым жақсарады және жүк тасымалының көлемі артады. Өңірдегі сауда дамып, көлік-транзиттік әлеует кеңейеді. Айта кетейік, қазір Қазақстанда трансшекаралық бес хаб салынып жатыр. Олар Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Қытаймен және Каспий жағалауымен шекараласады.

