Мемлекет басшысы Presight.AI компаниясының басқарма төрағасы Томас Прамотедхаммен Қазақстанда суперкомпьютер кластерін құру мәселелерін талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев елде цифрлық инфрақұрылымды дамыту және озық технологияларды енгізудің маңызына тоқталды. Технологияны локализациялау және қазақстандық компанияларды бірлескен жобаларға тарту мәселелеріне айрықша назар аударылды. Сондай-ақ, Астанада бірлесе атқарылатын Smart City жобасының әлеуті қаралды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы елордалық қызметтердің тиімділігін арттыруға бағытталған қала инфрақұрылымын басқару ісіне жасанды интеллект шешімдерін пайдалануға қолдау білдірді.

