Су тасқынына қарсы бір адамдай жұмылған халық ел бірлігінің белгісі. Елдің этномәдени бірлестіктер және қоғамдық ұйым өкілдерінің ортақ пікірі осыған саяды. Қызыл судың құрсауында қалған отандастарына көмек қолын созып немқұрайлық танытпаған қайырымды жандар қамқорлық танытып, өздерінің азаматтық жауапкершілігін тағы бір паш етті. Бұл туралы Қазақстан Президенті айтты. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері бұл еліміздің жас ұрпағы үшін қажырлық пен жанқиярлықтың жарқын үлгісі екенін айтты.
Юрий Шин, ҚХА төрағасының орынбасары:
-Осы қиын уақытта, су тасқыны кезінде құтқарушылар және еріктілермен бірге біздің этно-мәдени бірлестіктер гуманитарлық көмек көрсету жұмыстарында алдыңғы қатарда. Біз халқымыздың ауызбіршілігін көрдік. Осы тасқын кезінде дәл осы ауызбіршілік қана бірігіп, дұрыс шешім табуға мүмкіндік берді.