Алматы
технология орталығына айналды. Жасанды интеллект және цифрлық технологиялар
саласындағы ең ірі оқиға - GITEX AI Kazakhstan көрмесі 300-ден астам компания
мен стартапты, сондай-ақ әлемнің 60 елінен жүздеген инвесторды жиды.
Қазақстандық мегаполис цифрлық эстафетаны Біріккен Араб Әмірліктерінен
ресми қабылдады, онда GITEX экожүйесі 40 жылдан астам уақыт бойы ұйымдастырылып келген. «Атакент» көрме орталығы AI мен финтехтен
бастап киберқауіпсіздікке, индустрия 4.0 мен ақылды энергетикаға, сондай-ақ
жаңа серіктестіктер қалыптастыратын бірегей
хабқа айналды.
Нұрмахан
Закарин, Astana Hub қатысушыларын қолдау
кеңсесінің директоры:
- Біз
үшін бұл Қазақстан орталық Еуразия аумағындағы цифрлық хаб болып
табылатындығының айғағы.
Осындай форумдардың көмегімен біз еліміздің инвестициялық тартымдылығын
арттырып, ірі инвесторларды таба аламыз және бұл біздің стартаптарымыздың
дамып, кеңеюіне, басқа
нарықтарға шығуына мүмкіндік
береді.
Стивен
Фэй, Gitex Ai Kazakhstan қонағы, ҚХР:
-
Бұрын мен Дубай, Берлин және басқа да елдердегі Джиайтекстің көптеген
көрмелеріне куә болдым.
Қазақстанға келіп, мұндағы деңгейге көңілім
толды.
Бұл шараның осында өтіп
жатқанына қуаныштымын. Қазақстан осы өңірдегі
инновациялардың негізгі орталықтарының бірі деп санаймын.
Егер
ірі IT-компаниялар үшін көрме - бұл жаңа технологиялардың алаңы
болса, стартаптар үшін - өзін танытудың және инвестиция тартудың нақты
мүмкіндігі. Павильондарда AI негізіндегі
шешімдер ұсынылған. Олардың бірі - психологтар мен кәсіби бағдарланушыларға
көмектесетін AI-платформа. Нейрожелі балалардың қызығушылығын тест арқылы талдап,
мамандарға ұсыным береді. Жоба қазірдің өзінде миллионнан астам пайдаланушыны
қамтыған. Тағы бір әзірлеме - AIQ компаниясы әзірлеген
«ақылды
көз», ол - өнеркәсіптік қауіпсіздік және
өндірістік процестерді оңтайландыру мақсатында жасанды
интеллект пен компьютерлік көруді қолданады. Жүйе бейнені нақты уақытта талдайды.
Лариса Тагариева, AIQ компаниясының өкілі:
- Айталық, құрылыста қауіпсіздікті қамтамасыз ету, өрттің алдын алу қажеттілігі туындай қалса - егер әлдебір қауіп төніп тұрса, өрт басталса бірден сигнал беріледі. Яғни, біз осы арқылы кез келген қауіптің орын алу ықтималдығын азайтып, өндіріс процестерін оңтайландырамыз.
Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан халықаралық форумды
қабылдап қана қоймай диалог, инвестиция тарту және инновациялық экономиканы
дамыту үшін жаңа тұғырнама қалыптастырып, өзінің өңірлік технологиялар мен
жасанды интеллект орталығы мәртебесін бекітті.

