Мемлекет басшысы жұма күні Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті. Қасым-Жомарт
Тоқаев Америка көшбасшысын АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығымен құттықтады. Президент
АҚШ әкімшілігінің ақыл-парасатқа арқа сүйеген ішкі саяси бағдары елімізде іске
асырылып жатқан Әділетті Қазақстан құру стратегиясымен үндесетінін, сондықтан
Дональд Трамп жүргізіп отырған саясатты қолдайтынын айтты. Әңгімелесу барысында
тараптар екіжақты экономикалық және саяси ықпалдастық мәселелері жөнінде пікір
алмасты. Мемлекет басшысы Қазақстанның ядролық қаруды және байытылған уранды
таратпауға қатысты ұстанымын растады. Сондай-ақ халықаралық бақылау режимін
нығайту мақсатында МАГАТЭ-мен ынтымақтастыққа тоқталды. Мемлекет басшысы Ақ
үйдің жоғары лауазымды тұлғаларымен, америкалық іскерлік топ өкілдерімен болған
келіссөздерге оң баға берді. Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты өзіне қолайлы
уақытта Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

